Орал қаласының тұрғындары мәйітханадағы жағымсыз иіске шағымданып, депутаттан көмек сұрады. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.
– Мәйітханаға жақындарының денесін алып кетуге барған оралдықтар жағымсыз иіске шағымданып жатыр. БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәйітханадағы жағдай бақылауға алынғанын айтты. Министрдің орынбасары М.Мадалиев мәйітханадағы жағымсыз иіс тоңазытқыштың істен шыққанынан емес, марқұмдардың денесі дер кезінде шығарылмағаннан деп айтты. Бұл істі Орал әкімдігі бақылайды. Жақындары алып кетпегендерді жерлеумен "Талап" АҚ айналысуы тиіс. Бірақ олармен келісімшарт мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан ешкім әкетпей жатыр, – деді депутат.
Оның айтуынша екі мәйітті 16-шы және 26-шы маусымда алып келген.
Пікір қалдыру