700 мың қазақстандық «42 500 теңге» төлемді практивті тағайындау үшін SMS-хабарлама алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Бұдан бұрын, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілдесінде карантин шараларының енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде бір жолғы төлемақы берілетінін хабарлаған.
Осыдан бір күн бұрын, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға, олардың қызметі ағымдағы жылдың шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растайтын SMS-хабарлама жіберілетінін айтты.
– Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Қызмет шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады, – деді министр.
Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов төлемдерді тағайындау үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 17 шілдесінде басталатынын хабарлады.
42 500-ге келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:
- egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
- 42500.enbek.kz порталы;
- «Электрондық үкімет» telegram-bot-ы;
- Aitu мессенджерінде42500.enbek.kz қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы.
Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Пікір қалдыру