Алматы облысында полковник пара алып жатқан жерінде ұсталды (видео)

/image/2020/07/17/crop-113_30_469x625_200717170534977e.png

Алматы облысындағы №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысы пара алу және пара беруге делдал болу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов мәлімдеді.

– Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деді Қайсар Баржақсынов.

Оның айтуынша, әскери бөлімшенің командирі келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған, ал бөлім басшысы аталған факт бойынша пара беруге делдал болған.

– ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды, – деп атап өтті ол.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар