Қазақстан денсаулық сақтау мининстрі Алексей Цой жариялаған статистика бойынша, Қазақстанда орта есеппен күніне 9 мың адам пневмониямен ауырып, әр күні 103 адам қайтыс болған. Бұл туралы Azattyq.org сайты денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ресми статистикаға талау жасаған.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 мың 187 адам пневмония тіркелгенін хабарлады. Министрдің мәліметінше, осы аралықта індеттен 3327 адам қайтыс болған.
2 шілде күні денсаулық сақтау министрі биыл 1 қаңтар мен 30 маусымда 98 546 адамның пневмонияға шалдыққанын, 1772 адамның осы дерттен қайтыс болғанын мәлімдеген.
Егер 1 қаңтар – 30 маусымда 1772 адам көз жұмса, ал 1 қаңтар – 15 шілдеде 3327 адам қайтыс болса, министрдің айтқанынан шығатын қорытынды – шілденің алғашқы 15 күнінде Қазақстанда 1555 адам пневмониядан қайтқан.
Пікір қалдыру