"2 млн қазақстандық коронавируспен ауырған" деген Тоқаевтың кеңесшісі қызметінен босатылды

/image/2020/07/20/crop-57_10_516x688_200720121229a3674488d.jpg

Олжас Құдайбергенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты"  делінген хабарламада.

Олжас Құдайбергенов о баста өзіне бұл қызметті алты ай істейтіні айтылғанын, ротация маусым айында болады деп күткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол өзінің штаттан тыс кеңесші лауазымы кей мәлімдемелерін саясиландырып жібергенін жеткізді. Оның қызметінен кетуін соңғы мәлімдемесімен байланыстырып жатқандар бар.

Ол коронавирус расталып, пневмония анықталған азаматтарға ауруханаға жүгінбей, үйінде емделгендерді қосса, шамамен 2 млн қазақстандық коронавируспен ауырып шыққан болуы мүмкін екенін айтқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар