Нұр-Сұлтанда 21 шілдеден бастап компьютерлік томография тәулік бойы жасалады. Бұл туралы үкімет отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір қалада 17 КТ-аппараты бар. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі аппарат сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға жеткізіледі.
Қаладағы барлығы 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілген.
Компьютерлік томография COVID-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру