"Трамп Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы ұйғыр, қазақ және қырғыз мұсылмандарына қарсы адам құқығын бұзуға қатысы бар делінген 11 қытайлық компанияға сауда санкцияларын шығарды" деп хабарлады The Independent басылымы. Америка Құрама Штаттары бұған дейін Шыңжаңға қатысты құқық бұзушылықтар үшін 37 қытайлық компанияны қара тізімге енгізген болатын.
Жарияланған ақпарат бойынша, Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң провинциясында шамамен миллионнан астам ұйғыр, қазақ және қырғыз азшылықтары қамауға алынған.
Санкция қытайлық қомпаниялардың АҚШ тауарлары мен технологияларын сатып алуына тыйым салады.
АҚШ-тың сауда хатшысы Уилбур Росс "Қытай Коммунистік партиясының қорғансыз мұсылман азшылық топтарына қарсы жеккөрінішті шабуыл жасағаны үшін, бұл заң біздің тауарларымыз бен технологияларымыздың Қытайда пайдаланылмауын қамтамасыз етеді" деп мәлімдеген.
Пікір қалдыру