Қытайлық жетекші маман коронавирустың қашан бақылауға алынатынын айтты

/image/2020/07/22/crop-12_11_405x611_044938272700.jpg

Қытайдағы жетекші дәрігер коронавирустық пандемия бақылауға "шамамен екі жыл" кетуі мүмкін деп болжады. Бұл туралы France24news хабарлады.

Шанхайда COVID-19-ға қарсы күресті басқарған доктор Чжан Вэньхун өзінің тұжырымын Қытайдың Фудан университетінде сөйлеген сөзінде айтқан.

Ауруларды бақылау жөніндегі сарапшы коронавирустың таралуы әлі шыңына жетпегенін ескертті.

Өткен жылы Қытайдың Ухань қаласында пайда болған, өлімге әкелетін вирус әлем бойынша 14 миллионнан астам адамға жұғып, кемінде 610 000 адам көз жұмған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар