Қай өңірде той жасау тыйылмай тұр?

/image/2020/07/23/crop-4_11_703x1276_maxresdefault.jpg

Елде карантин жарияланғанына қарамастан той жасап жатқандар бар. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.

– Жаппай халық жиналатын шараларға тыйым салынса да, кей тұрғындар үйлену, қыз ұзату, туған күн өткізуді тоқтатар емес. Бұл инфекция жұқтыру мен оның таралу қаупін тудырады. Әдеттегідей, бірнеше өңірден жиналған қонақтар қауіпті инфекцияны өз үйлеріне алып барады, – деді бас санитар. 

Сондай-ақ ол қай өңірлер мерекелік жиын өткізуді тоқтатпай отырғанын атап өтті.

– Мұндай заң бұзу фактілері Алматы қаласында, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында анықталды. Барлық мереке ұйымдастырушыларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деді Айжан Есмағамбетова. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар