Түркістан облысы бойынша ауруханада жатқан науқастар саны азайып келеді.
Түркістан қалалық орталық ауруханасында ем қабылдап жатқан Сарагүл Тілеубергенованың айтуынша, барлық дәрі-дәрмек мөлшері жеткілікті. 67 жастағы Сарагүл ханым қалалық ауруханаға ауыр халде 12 күн бұрын жеткізілген. Жүрек талмасы мен қан айналымының бұзылуынан жедел-жәрдемге жүгінген. Артынан қатты жөтел қысып, тыныс алуы нашарлаған. Ауруханада жатқан уақыт ішінде ауруынан толығымен айықты. Өзі де 40 жыл медицина саласында қызмет атқарған Сарагүл Тілеубергенова дәрігерлерге үлкен алғысын білдірді.
Омарова Саяра да 10 күн бұрын баспасы асқынып ауруханаға түскен. 35 жыл мұғалім болып жұмыс істеген 61 жастағы науқас бұған дейін ауруханаға жатып көрмеген. Ақ халатты абзал жандардың арқасында қазір жағдайы қалыпқа түсіп, бүгін ауруханадан шыққалы жатыр.
– Дәрігерлер – қазіргі заманның нағыз қаһармандары. Олардың еңбегі өлшеусіз әрі бағалы. Бүгінде адам жанының арашасына айналған дәрігерлер өз біліктіліктерін көрсетуде, – дейді Омарова Саяра.
Қазіргі таңда Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны – 2513. Дерттен жазылған науқастар саны – 1949.
Пікір қалдыру