Қызылорда облысында дәрі-дәрмекті жоғары бағада сатқан екі тұрғын ұсталды

/image/2020/07/25/crop-2_64_448x796_200702142058998a3668362i.jpg

Қызылорда облысында дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандар анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Облыстың полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасы қызметкерлері бірігіп, дәріханаларда таусылған дәрі-дәрмекке үстеме баға қосып сатқан 45 деректі анықтады. 

23 шілде күні дәрілерді жоғары бағада сатқан әрі лицензиясыз кәсіппен айналысқан екі тұрғын ұсталды. 42 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйелдің жалпы құны 15 миллион теңге тұратын дәрілік препараттары болған. Енді аталған фактілер бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.






Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар