Солтүстік Корея шекаралас қалада алғашқы COVID-19 күдігіне байланысты төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Қамші тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Пхеньян мемлекеттік БАҚ-тары Ким Чен Ынның төтенше жағдай жариялап, шекаларас ауданды жапқанын хабарлаған .
"Егер бұл расталса, Солтүстік Корея билігі мойындаған алғашқы коронавирустық жағдай" деп жазды Reuters.
Солтүстік Кореяның KCNA мемлекеттік жаңалықтар агенттігі хабарлағандай, Ким Чен Ын бұл оқиғаны "қатерлі вирустың елге енгенін айтуға болатын дағдарысты жағдай" деп атап, саясаткерлермен шұғыл жиналыс шақырған.
Ал Кён Хи университетінің профессоры Чу Дже Ву "Солтүстік Кореяның бұл істі мойындауы маңызды жаңалық. Пхеньян әлемнен көмек сұрауы ықтимал. Мүмкін гуманитарлық көмек үшін шығар" деп мәлімдеген.
Пікір қалдыру