Алматы әкімдігі дәрі-дәрмек тапшылығы неден туындағанын түсіндірді

/image/2020/07/26/crop-39_6_513x684_200713144336401a3672138i.jpg

Бүгін Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев дәрі-дәрмекке қатысты онлайн брифинг өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, осыдан 2 апта бұрын пандемияға байланысты жекелеген дәрілерге сұраныс едәуір өсіп кеткен болатын.

«Парацетамолды қаланың жалпы тұтынуы мамыр айында 50 мың болса, соңғы екі аптада күніне 100 мың сатылды. Жыл бойы темометрдің 100 мыңы саудаланса, 2-3 күнде 50 мың темометр сатылып кетті. Тұтынудың, сұраныстың өсуіне байланысты да тапшылық туындап отыр. Қазір мәселені тұрақтандыру үшін күніне 2 рет мониторинг жасап отырмыз. Бастапқыда дәріханалардың инфрақұрылымы сұранысқа дайын емес болатын. Мәселе шешілді. Қазір соңғы 1 аптада үлкен дүрлігу жоқ», - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап Алматы дәріханаларына 900 мыңға жуық дәрі жеткізілген.

«Одан бөлек күнделікті бүкіл компанияларда, дәріханалар қоймасында да дәрінің біздегі қорына мониторинг жасап отырмыз. 846 мың дана дәрі бар. 1 ай көлемінде 3 млн 685 келісімшарт жасалған. Парацетамолдың 185 мың данасы бар. 16 шілдеден бастап ай соңына дейін 2,2 млн қаптамасы келеді. Сондықтан, кейбір азаматтардың дәрі жоқ деп дабыл қаққаны шындыққа сәйкеспейді», - деді Тұяқбаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар