Көк-Төбе саябағының жұмысы тоқтатылды: алматылықтарға карантиннің сақталуын қамтамасыз етуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірілді

/image/2020/07/26/crop-13_5_436x581_139464_600.jpg

Алматылықтарға карантиндік бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірілді.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Сұлтанбаев карантин режимін бұзушыларды анықтауға көмек көрсеткені үшін облыс тұрғындарына алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен барлық аудандарда соның ішінде, бизнес нысандарының аумағында санитарлық нормалардың, сақталуын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды. Сондай-ақ, тұрғындармен байланысу үшін жедел желі жұмыс істейді.

«Бізге жедел желіге келіп түскен қоңыраулар бойынша тұрғындардың өздері қай жерде және қандай карантиндік шаралары бұзылғаны туралы айтады. Сол үшін оларға алғыс айтамыз», — деді Берік Сұлтанбаев.

Мәселен, осы жылдың 17 шілдесінде бір тұрғыннан Көк-Төбе саябағында карантин шаралары бұзылғандығы жайында шағым түсті. Мониторлық топ дереу тәртіпбұзушылық орын алған жерге барды.

«Мобильді топ тәртіпбұзушылық фактісі бойынша аталған нысанға жолға шықты. Тәртіп бұзу фактісі расталды. Аттракциондар қызметін тоқтатты. Қазір оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда», — деп қосты өз сөзіне Медеу ауданының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Әскербеков.

Жалпы мониторингтік топтар жүргізген тексерулер барысында шектеу шараларын бұзу фактілері анықталып, жолы кесілді, олардың арасында:

1) Бостандық ауданында 11 шілдеде Хан Тәңірі шағын ауданы 126-үйде «Райский сад» мейрамханасында 30 адамға арналған банкет өткізілгені анықталды. Шара тоқтатылып, қонақтар үйлеріне тарады. Нысанның жетекшісімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мекеменің әкімшісіне 15 АЕК мөлшерінде ҚР ӘҚтК 425-бабының 1-тармағы бойынша, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.
2) 16 шілде күні Медеу ауданында «Манана» ресторанындағы түнгі караоке-клубтың уақыт режимінің бұзылғаны анықталды. Мейрамхана әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, соның барысында мейрамхана өз еркімен жабылды.
3) 12 шілде күні Бостандық ауданында «Райский сад» мейрамханасында көп қонақтар санымен үйлену тойы өткен. Салатанатты жиынға келген қонақтар дереу үйлеріне жіберілді. Мониторингтік топ хаттама толтырды. Мейрамхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
4) Түрксіб ауданының Нұршашқан ауданында карантин кезінде «Достлук» дәмханасында 100 адамға арналған банкет өткені анықталды. Қонақтар дереу таратылып, нысанның қызметі 1,5 айға тоқтатылып, дәмхана иесі Илахунова Р. З-ға 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
5) Алатау ауданында мониторингтік топ «Shafran» және «Bodrum» дәмханаларында шектеу шаралары және санитарлық нормалардың бұзылғанын анықтады. «Shafran» дәмханасы түнгі 23.00-ден кейін жұмыс істеген. Сонымен бірге персонал қол,апсыз жұмыс істеген. Кәуап пісіретін жерде маскасыз және қолғапсыз жұмыс істеген. Жазғы алаңда антисептиктер орнатылмаған. Келушілердің температурасын өлшемейді, санитарлық-дезинфекциялық режимқталмайды. Кіреберіске дезинфекциялық кілемше төселмеген. «Bodrum» дәмханасында даяшы маскасыз жұмыс істеген. Аталған дәмханаларға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы екі хаттама толтырылды.
6) Жетісу ауданында «ЖБИ Гарант» ЖШС темірбетон өнімдерін өндіретін зауыт қызметкерлерінің жабық ғимаратта қорғаныш маскаларынсыз жүргені анықталды. Мониторингтік топпен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толытырлып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қосымша шектеу шаралары енгізілген. Атап айтқанда, караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, ойын алаңдары, батуттар, кинотеатрлар және басқа ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар