Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров Қазақстан президентінің жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
"Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталсын" делінген жарлық мәтінінде.
11 шілдеде Түрксіб ауданында болған. Покровская көшесіндегі үйде ұры төрт жасар ер бала мен 15 жастағы әпкесін пышақпен қорқытып, 17 мың долларды иемденген. Содан кейін қылмыскер жасөспірім қызға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Кейін әл-Фараби даңғылындағы үйде жасырынған күдікті полицейден қашып, тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен. Полиция қызметкері Бақытжан Бәкіров қылмыскердің соңынан 13-қабаттан секіріп, табанын тайдырып алған еді.
Ұсталған күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімді тонау және зорлау фактісі бойынша айыпталуда. Алматы қаласының полициясы оны төрт күн бойы іздестіріп келген. Полиция майоры Бақытжан Бәкіровтің аяғына үш рет операция жасалды.
Пікір қалдыру