Бүгін үкіметтің кезекті отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары қаралды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен бастап 3 апта ішінде КВИ-ға шалдығудың 35 951 жаңа жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Індеттің таралуы 29%-ға төмендеген.
– COVID-19-бен ауыру жағдайы орта есеппен тәулігіне 1600 адам деңгейінде тұрақтанды. Сондай-ақ кереуеттердің бос болмауы 43%-ға, оның ішінде 27%-ға төмендеуі байқалады. Сауығып кеткендердің саны 63%-ға дейін өсті. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілді, – деді А. Цой.
Оның сөзінше, карантин нәтижесінде инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 1,2%-дан 0,99%-ға дейін, төсек-орындардың қамтылу пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеген.
Эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанына байланысты карантин шаралары кезең-кезеңмен алынады.
Десе де әлі қеңселердіе қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуі керек, оқушылар мен студенттер қашықтықтан оқиды.
Бұқаралық іс-шаралардың барлық түрлеріне тыйым салу.
Сондай-ақ 3 тамыздан бастап төсек-орындардың қамтылу көрсеткіші 70%-дан аз және өлім-жітім деңгейі төмендеген кезде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып кейбір нысандардың жұмысына рұхсат етіледі.
-
Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлар;
-
Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;
-
Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері;
-
сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондары;
-
Қашықтықтан жұмыс істеу формасы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) қызметкерлері мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін сақталуы тиіс.
Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға рұқсат етілетінін атап өтті.
Сондай-ақ ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын құраммен спорттық жаттығулар жасауға болады.
Халықтың жүріп-тұруына қатысты мынадай талаптар сақталады:
-
Көшелерде жүру, саябақтарға, скверлерге және жағалауларға бару 3 адамнан аспауға тиіс;
-
Қоғамдық көлікте маска тағу міндетті, санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, кондукторлар болуы керек. Уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және жолаушыларды 50%-дан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат.
Сонымен қатар төмендегі қызмет түрлеріне шектеу сақталады:
-
көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына;
-
мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;
-
мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
-
спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, аквапарк жағажайларының жұмысына;
-
діни нысандар жұмысына;
-
қала маңындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысына, қалааралық автобустардың қозғалысына
Пікір қалдыру