"Халықты мазақ қылып біттіңдер". Шымкентте дезинфекциялық сұйықтықтың орнына су шашқан

/image/2020/07/29/crop-4_5_217x385_pfuvasm.png

Әлеуметтік желіде Шымкент тұрғыны қаланы дезинфекциялап жатқан әскерилердің арнайы дезинфекциялық сұйықтықтың орнына суды пайдаланып жүргенін айтып, видео жариялады.

Видеоны түсіріп тұрған келіншек дезинфекция жасап жүргендерге алғыс айтайын деп шығып, сұйықтықтан ешқандай иіс шықпайтынын байқаған. Артынша сұйықтықтың жай ғана су екені белгілі болды.

Видеодан тұрғынның дезинфекциялық сумен қолын, бетін жуып, сұйықтықтың қарапайым су екенін айтқанын көруге болады.

"Неге сендер қарапайым су сеуіп жүрсіңдер. Мен міне, бетімді жудым, көзімді жудым. Халықты неге алдап жүрсіңдер? Халықты мазақ қылып біттіңдер. Ұялмайсыңдар ма!" дейді қала тұрғыны.

Кадр сыртынан дезинфекциямен айналысып жүргендердің боғауыз сөз айтып, тұрғын туралы "қайдан шыққан біреу" дегені естіледі.

Суды сеуіп жүрген әскери формадағы адам сұйықтықты әкімшіліктен алғанын айтып, өздерін таныстырудан бас тартты.

Қамшы порталы Түркістан облысы әкімінің және Шымкент қаласы әкімінің атына ресми сауал жолдап, оқиғаға түсінік беруін, дезинфекциялық жұмысқа қанша қаражат бөлінгенін сұрайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар