«Көпке үлгі»: Текелідегі жомарттар 4 млн 220 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетті

/image/2020/07/29/crop-2_64_711x1265_whatsapp-image-2020-07-28-at-09.10.24.jpeg

Қазақ қайырымдылық жасап қайырын көрген халық. Өзін қоя тұрып өзгені ойлап, тұрмысы төмен отбасыға, тағдыры талқыға түскен ағайынына қолда барын бөліп беретін дарқан мінезді кең пейілді ұлт. Иә, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған атымтай жомарттар жетерлік. Оған дәлел елімізде орын алған төтенше жағдайда қиналған жандарға қол ұшын соған Алматы облысы Текелі қаласының пейілі дархан жандары.

Бүгіндері Моноқалада әлеуметтік жағынан төмен отбасылар мен жетім-жесір, ауру-сырқауларға, тосыннан жәрдемге зәру болып қалғандарға көмек қолын созып жатқан небір ұйым, қайырымдылық қорлары бар. Олар «Жомарттық – жанның байлығы» деп жақсылық жасауға жарыса ұмтылып, барымен бөлісіп, ортақ мақсатқа жұмыла атсалысуда. Атап айтсақ, ізгі іске аналық жүрек жылуымен кіріскен қалалық Аналар кеңесінің бастамасын «Жетісу Шапағаты» қоғамдық қорының филиалы, жеке кәсіпкер «Онғарбаева», «Бай-Өлке» жиһаз цехы, Керімбек би мешіті жалғастырып, бетперде тігіп, көп балалы отбасыларға, мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға,  қарттарға таратылды. Қазіргі таңда Моно қалада 5000-ға тарта бетперде тегін үлестірілді. Халық қажеттілігіне орай бұл ізгілікті шара әлі де ұйымдастырылып келеді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың табыс көзінің қысқарғаны рас. Осы орайда аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына түскен салмақты жеңілдетуге қала кәсіпкерлері де қомақты үлес қосып келеді. «Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас» дегендей, жұртқа жасаған жақсылығын жариялаумауды жөн санайтын абзал азаматтардың көмегімен 4 млн. 220 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, олардың қатарында «Баделхан» ЖК, «MEGA Arzan» сауда үйі, Орталық Азия Университеті, қалалық Іскер әйелдер одағы, «Наргиза» ЖК, «Медина», «Астана», «Ділда», «Окаенчик» дүкендері бар. Жекелеген азаматтар, студент жастар, «Мейірім», «Лидер.кз» еріктілеріне таза көңілден туындаған ықыласы мен жасаған игі амалдарына тұрғындыр сансыз алғыс айтып ризашылығын білдіруде.

Дана халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді. Атымтай азаматтардың бұл ісі көпке үлгі. Ең кереметі жомарт жандардың Текелідегі ізгі іс, игілікті шаралар мұнымен тоқтап қалмайтындығын, әрі қарай да жалғасын табатындығын айтуда.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар