Бүгін белгілі заңгер, адвокат Абзал Құспанның анасы қайтыс болды.
Абзал Құспан – ұзақ жылдан бері құқық қорғау саласында қызмет етіп келе жатыр. Ол – қазақ тілі, жер дауы секілді ұлттық мәселелерде үнемі ойын ашық білдіретін қоғам қайраткері.
Заңгер жуырда ғана өзінің Facebook-тегі парақшасына анасын туған күнімен құттықтап, видео бөліскен.
Қамшы порталы Абзал Құспан мен оның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Пікір қалдыру