Сәкен Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғаннан кейін өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.
Жазбада вице-министр Сәрсенов президент Тоқаев пен ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа алғысын білдірді.
"Ішкі істер министрлігінде жұмысқа кірісіп, өзімнің міндеттерім бойынша жұмыс бағытын анықтадым. Ішкі істер органдарының жұмысын цифрландырудан басқа, мен ведомствоның ішкі және сыртқы байланыстарын қадағалайтын боламын.
Министр маған еліміздің азаматтарымен ішкі істер министрлігінің қызметі бойынша ашық диалог орнатуды тапсырды.
Министрлікті цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс күтіп тұр, оның орындалу барысы туралы осында жазып отырамын. Әдеттегідей, Сіздердің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызға ашықпын және әрқашан байланыста боламын.
P.S. Маған әскери шен берілеме деген көптеген сұрақтар жазылып жатыр, айтарым – мен азаматтық лауазымда жұмыс атқарамын, погон тақпаймын",- делінген жазбада.
3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
Пікір қалдыру