Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 4 күн бұрын жоғалған әйел өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыс полициясы Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.
Полицияның ақпаратынша, туыстары әйелдің таңертең жұмысқа шыққаннан кейін қайтып оралмағанын айтқан.
Әйелдің денесі Глубокое ауданы Белоусовка ауылынан жеті шақырым жерде көмілген күйде табылды. Қылмысты жасаған 59 жастағы ер адам қайтыс болған әйелмен таныс екені анықталды.
– Ол Ресеймен шекарада ұсталды. Жеңіл көлікпен елден шығып кетуге тырысқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді облыстың полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.
Әйелді табу үшін еріктілер мен полицейлер тәулік бойы аймақтың айналасын қарап шыққан.
Глубокое ауданының полиция қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Пікір қалдыру