Ұлыбритания премьер-министір Борис Джонсонның бүгінгі басты мәлімдемесінде Манчестерде толықтай локдаун жариялауы мүмкін екені, бұл шешім бүгін кешке қабылданатыны айтылады. Бұл туралы британиялық басылымдар хабарлауда.
Үкімет Манчестердегі Олдхэмде коронавирустық инфекция дерегі көбейе бастағандықтан, толықтай оқшаулауды қарастыруда. Жаңа шаралар пабтар, мейрамханалар мен спортзалдарды қайтадан жабуға мүмкіндік береді. Бұған дейін Ұлыбритания билігі шектеу шараларын жеңілдеткеткеннен кейін, әлеуметтік ретсіздік пайда болғаны хабарланған. The Telegraph газеті жағдай ушығып кетсе, Ұлыбританя билігіне Қазақстаннан үлгі алуы керек екенін жариялаған.
Олдхэмде ішінара жаңа шектеулер қазірдің өзінде де бар, адамдарға үйде жиналуға тыйым салынады.
Бірақ инфекция дерегі көбейгендіктен билік бұл шаралар жеткіліксіз болады деп алаңдаулы.
Ақпараттарға сәйкес, министрлер жергілікті кеңестен ықтимал жаңа шектеулер туралы кеңес алған, бұл туралы бүгін хабарланады.
Олдхэмде инфекцияның өсуі жалғасып, қазіргі уақытта коронавирусты жұқтырудың ең жоғары деңгейіне жеткен. 100 000 адамға шаққанда 108,8 коронавирустық жағдай тіркелгені хабарланған.
Соңғы төрт аптадағы COVID-19 жұқтырғандардың көпшілігі 20-30 жастағы азаматтар.
Жаңа жағдайлардың көпшілігі 20 жастан асқан әйелдер (66 адам) және ер адамдардан (52 адам) тіркелгені жарияланған.
Пікір қалдыру