Британиялық БАҚ: Американың екі кемесін теңізге батыру үшін Қытай "кеме өлтіруші" зымырандарын іске қосты

/image/2020/08/16/crop-8_7_333x568_gggggg.jpeg

"Американың екі кемесін теңізге батыру үшін Қытай "кеме өлтіруші" зымырандарын іске қосты" деп хабарлады Лондонда шығатын Дэйли Экспресс газеті.

Басылымның апқаратынша, Бейжің әскери күштері баллистикалық зымырандарын іске қосып, АҚШ-тың "екі ұшақ тасымалдаушысын теңізге батырып" жіберетінін мәлімдеген.

Қытайдың жоғары әскери шенеунігі, адмирал Лу Юаньнің мәлімдеуінше, Қытайдың жаңа және жоғары қабілетті "DF-26" кемеге қарсы зениттік баллистикалық және круиздік зымырандары Американың кез келген соғыс кемелерін суға батырып жібереді.

– Америка Құрама Штаттары ең көп қауіптенетін нәрсе – шығындар... Бір супер тасымалдаушыны жоғалту АҚШ-қа қызмет көрсететін 5000 ер мен әйелдің өміріне қауіп төндіреді. Екеуі батып кетсе, бұл (шығын) екі есеге артады...Американың қалай қорыққанын көреміз, – деген қытай шенеунігі.

Ақпараттарға сәйкес, "DF-26" орта және ірі кемелерді жойып жіберуге қабілетті. Ол дәстүрлі және ядролық оқтұмсықтарды алып жүре алады.

Айта кетейік, Оңтүстік Қытай теңізі және Тайвань мәселесі соңғы кездерде Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс аймағына айналды.

Дүйсенбіде Тайвань әуе күштері бұғаздағы орта сызықты кесіп өткен қытайлық жойғыш ұшақтарға ескерту жасағанын мәлімдеді. Қытайлық ұшақтарды зенитті зымырандармен бақылағанын хабарлаған. Ол кезде АҚШ денсаулық сақтау министрі Тайвань президентімен кезіккен.

Оған наразылық танытқан Бейжің "Біз Америкаға тағы бір рет ескертеміз, Қытай АҚШ пен Тайваньның кез келген сылтаумен ресми қарым-қатынас жасауына қарсы тұрады... Отпен ойнағандар күйіп кетеді" деп мәлімдеген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар