АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері "Қытай тыңшысы" деген күдікпен қамауға алынды

/image/2020/08/18/crop-26_19_827x1159_china-spy.jpg

АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері туысқанымен бірге Қытай үшін тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынды.

– 67 жастағы Александр Юк Чинг Ма жұмада қамауға алынып, оған айып тағылды, – деп хабарлады АҚШ әділет министрлігі.

Оған Қытайдың барлау қызметкерлеріне құпия ұлттық қорғаныс ақпаратын бергені үшін айып тағылып отыр.

Бұл Вашингтон мен Пекин арасындағы шиеленіс күшейген кездегі тыңшылыққа қатысты соңғы қамауға алу оқиғасы.

Ма сейсенбіде сотқа келуі керек, егер сотталса, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар