Трамп АҚШ компанияларын Қытайдан шығаратынын мәлімдеді

/image/2020/08/18/crop-19_14_663x1173_trumppppp.jpg

BBC ақпаратына сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық компаниялардың зауыттарын Қытайдан шығуға итермелеу үшін оларға жақсы саясаттар ұсынатынын мәлімдеді.

Ол Қытайдан көшкен фирмаларға салықтық және қаржылық қолдау көрсететінін жариялады.

Трамп сонымен бірге Қытайда жұмысын жалғастыратын компанияларға "үкіметтік келісімшарттарды алып тастаймын" деп ескерту жасады.

Оған қоса, дүйсенбіде сөйлеген сөзінде "біз Қытайға сенуді тоқтатамыз" деген Трамп 10 айда 10 миллион жұмыс орнын құруға уәде берген.

АҚШ президенті бұған дейін қытайлық TikTok, WeChat және Huawei технологиялық компанияларына қатысты шектеулерді жариялаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар