Вашингтон, Бейжің және Тайбэй арасындағы әскери шиеленістер әлі де жалғасып, Америка Құрама Штаттары сейсенбіде Тайвань бұғазына әскери кемесін жіберді. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.
АҚШ-тың Тынық мұхит флотының хабарлауынша, америкалық зымыран жойғыш "USS Mustin" Тайвань мен Қытай материгі шекарасындағы су жолымен жүріп өткен.
"Американың 7-ші флоты (штаб-пәтері Жапонияда орналасқан) Үнді-Тынық мұхиты аймағында АҚШ-тың ұлттық мүдделерін қолдау мақсатында әскери-теңіз операцияларын жүргізеді" делінген сәрсенбі күні таңертең жасалған мәлімдемеде.
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ең үлкені есептелетін 7-ші флот теңізге шығатын 35 мемлекетпен теңіз қауіпсіздігін нығайтуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қақтығыстарды болдырмауға бағытталған серіктестік қарым-қатынас орнатып жатқаны хабарланған.
"АҚШ билігі халықаралық заң рұқсат еткен жерде ұшу, жүзу және жұмыс істеуді жалғастырады" делінген Вашингтонның мәлімдемесінде.
Басылымның жазуынша, әскери операцияны Бейжің зымыран жойғыштарымен бақыласа, Тайвань фрегаттарын жіберген.
Айта кетейік, АҚШ соңғы алты айда Оңтүстік Қытай теңізінде белсенді әрекет етуде.
Пікір қалдыру