16 тамызға қараған түні Лондон қаласында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахат қайтыс болған еді. Алдын-ала болжам бойынша оның жүрегі тоқтап қалған делінген болатын. Дариға Назарбаеваның ұлының неден қайтыс болуы мүмкін екенін көріпкелдер карта арқылы болжап көрді. Болжам жасаған видеоны Рамир Таро және Прогноз от Маргариты Youtube арнасы жариялады.
Маргарита есімді көріпкел әйел жеті картаны тізіп қойып Назарбаевтың жиені "эмоциялық күйзелістен қайтыс болуы мүмкін" деген пікірге келді. Оның айтуынша, бұл іске қандай да бір әйел адамның қатысы бар. Көріпкел Айсұлтан Рахатқа қастандық жасалмаған, БАҚ мәлімдегендей жүректің тоқтауынан қайтыс болған.
Екінші көріпкел Рамир де өзінің болжам жасайтын карталарын үстел үстіне қойып Айсұлтан Рахаттың "құрбан" болуы мүмкін деді. Оның да ойы Маргаритамен сәйкес келіп "жүрегі тоқтап қалған" деген нұсқаны атап өтті.
— Осылай болу керек еді. Картаның айтуынша, ол өзіне лайықтыны алды. Мен қастандықты көріп тұрған жоқпын. Ол өз қалағанын істеді. Қателесіп тұр деп айтуларыңыз мүмкін, бірақ мен картаның айтқанын айтып тұрмын,— деді Рамир.
Пікір қалдыру