Шетелдік БАҚ: Лукашенконың режимі екі аптадан кейін құлайды

/image/2020/08/20/crop-32_24_862x1545_luka.jpg

"Беларуссия президенттік сайлауынан үмітті адам Александр Лукашенконың режимі екі аптада немесе ең көп дегенде екі айда құлайтынына сенеді" деп хабарлайды британиялық SkyNews телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, "Лукашенко 9 тамыздағы сайлауда жеңді" деп жарияланды, бірақ оппозиция нәтижелерді "алаяқтық" деп атады.

SkyNews-ға сұхбат берген оппозиция өкілі Валерий Цепкало президент Лукашенконың қызметінен кету керектігін мәлімдеген.

 –Ол сайлаушыларды тыныштандырғысы келеді, демонстранттарды, көшеге шыққан адамдарды сабырға шықырғысы келеді. Бірақ ол өтірікші,– деген Цепкало.

Лукашенконың билікті қанша уақыт ұстап тұру мүмкіндігі туралы сұраққа ол:

–Мүмкін бір-екі апта. Ең көбі бір-екі ай,–деп жауап берген.

–Бұл Беларустардың оған беретін ең көп уақыты. Бұл менің сезімім...Жағдай тез дамып келеді, ол елді басқара алмайды, өйткені ол өзінің беделін жоғалтып алды, танымалдылығын жоғалтты және Беларуссияда енді оған деген жеккөрушілік пайда болды,–деген IT-кәсіпкер әрі бұрынғы дипломат.

Телеарна Америка Құрама Штаттарының бұрынғы елшісі Цепкало режимнің қысымынан және қамауға алынудан қорқып, өткен айда екі жас баласымен Мәскеуге қашып кеткенін хабарлады. Оған қоса, оның әйелі сайлау науқанына қатысып қана қоймай, сайлаудан кейін Ресейге қайтып келген.

"Содан бері олардың отбасы Украинаға қоныс аударды және осы аптада Тихануская ханым мен оның екі баласы тұратын Литваға көшуді жоспарлап отыр" дейді телеарна ақпараты.

Британиялық БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, ол Беларуссияға оралуды, елі қауіпсіз болғаннан кейін және тағы бір сайлау өткізілген кезде президенттікке үміткер болатынын айтқан. Тихануская ханым өтпелі көшбасшы болатынын айтып, еркін және әділ сайлауға дайындалып жатыр.

Цепкала Беларуссияның болашақта Ресеймен тығыз қарым-қатынасты жалғастыратын, Еуропалық Одақпен және Ұлыбританиямен берік байланыстар орнататындығына үміттенетінін айтқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар