Сенаттың экс-спикері Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли Әлиев дүниеден өткен бауыры Айсұлтан Рахатқа арнап желіде жазба жариялады.
"Жаның тыныштық тапсын, жан бауырым" делінген Нұрәли Әлиевтің Instagram парақшасындағы жазбада.
16 тамыз күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахаттың Лондонда қайтыс болғаны хабарланды.
Бұған дейін Нұрәли Әлиев дүниеден өткен бауыры Айсұлтанның суреттері мен отбасылық фотоларын желіде жариялаған.
Ақпарат шыққаннан кейін бірнеше сағат өткенде Назарбаев қорының әлеуметтік желідегі парақшасында Дариға Назарбаева қаралы хабарды растап, баласының қазасы туралы пікір білдірді.
Пікір қалдыру