Бүгінгі күні КВИ-ден сауығып шыққан адамдардың плазмасын науқастарға құю арқылы оған антидене "беріп", иммундық жүйені нығайтуға болады. Бұл зертханалық және клиникалық тұрғыдан дәлелденгенін атап өткен орынды. COVID-19 инфекциясымен ауырған адамдардың иммундық плазмасы бұл аурумен күресуге көмектеседі.
Қанның құрамында антиденесі бар бір адам, кем дегенде жағдайы ауыр екі науқастың өмірін сақтап қала алады. Аппаратық плазмаферезді тапсыру қауіпсіз. Сондай-ақ ешқандай ауырсынуды сезінбейсіз.
КВИ-дің орташа және ауыр түрімен ауырып, одан сауығып шыққан кез келген кәмелеттік жасқа толған адам донор бола алады. Ең бастысы, аурудан айыққанына кем дегенде екі апта өтсе болғаны. Плазма тапсырып, дәрігерлерге көмек көрсету үшін жергілікті мекенжай бойынша ОДА-ға барып, антиденеге тест тапсыру керек. Бұдан соң облыстық қан орталығына барып, емханалық-биохимиялық көрсеткіш пен қан тобыңызды анықтап, АИТВ, сифилис, бруцуллёз бен гепатитке қан тапсыру керек. Егер сараптама қортындысы оң болса, плазмаға тапсыруға жібереді. Аталмыш процедура үшін 7 АЕК немесе 19446 теңге төленеді.
Коронавируспен ауырған науқастарға қол ұшын бергісі келетін жандар облыстық қан орталығына мына көрсетілген телефон нөмірлер бойынша хабарласа алады: 8(7232)70 38 38 немесе 87057520964.
Пікір қалдыру