НАТО: Лукашенконың біз туралы пікірлері негізсіз

/image/2020/08/23/071745883700.jpg

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко қарулы күштерін "жоғары дайындыққа" келтіргенін айтқан. Дегенмен, НАТО "Лукашенконың шетелдік державалар елдің шекарасында әскерлер жинауды ұйымдастырып жатыр деген пікірлері негізсіз" деп мәлімдеді.

Сенбіде Минск көшелерінде наразылық тағы жалғасты.

Демонстранттар Лукашенконың отставкаға кетуін талап етуде.

Беларуссияны 26 жыл басқарған басшы "НАТО блогы Беларуссияны бөліп, Минскіге жаңа президентті орнатқысы келеді" деп мәлімдеген.

Лукашенко өзінің қауіпсіздік басшыларына Беларусь елінің "аумақтық тұтастығын қорғау үшін қатаң шараларды қабылдауға" бұйрық берген.

Ал, НАТО "Беларуссияға немесе басқа елге ешқандай қауіп жоқ және аймақта әскери күштеріміз жоқ" деп жариялады.

Литва президенті Гитанас Науседа "Режим кез-келген жағдайда назарды басқа жаққа бұруға тырысады" деп Франс Пресс агенттігіне сұхбат берді.

Польшаның президенттік өкілі Польшаның "шекараны бұзуы туралы ақпаратттар Беларусь режимінің пропагандасы" деп мәлімдеді. Лукашенконың мәлімдемесін " қайғылы және таңқаларлық" деп атады. "Польшада мұндай ниет жоқ....", - деп қосты Польша өкілі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар