Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін "Nur Otan" партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы кейінге қалдырылды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.
"Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды" делінген хабарламада.
Айта кетейік, алғашында саяси кеңес бюросының отырысы 24 тамызға жоспарланған болатын. Кейіннен 25 тамызға ауыстырылған еді.
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды.
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) August 24, 2020
Пікір қалдыру