Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны ектіруге дайын. Бұл туралы ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
– Вакцинаның дайын болуы үшін тиісті мерзімді күту керек, жарты жылдан кем емес. Вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткеннен кейін, министр екпені қабылдауға дайын екенін айтты. Ол денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері болғандықтан, екпені ақысыз түрде алады. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері 200 мыңнан астам, олар тәуекел тобына еніп отыр, – деді Бағдат Қожахметов.
Сондай-ақ ол министрдің және кез келген медицина қызметкерінің отбасы мүшелері вакцинаны өзінің қаражатына сатып алатынын атап өтті.
Пікір қалдыру