Коронавирус пен пневмониядан тағы 17 адам көз жұмды

/image/2020/08/26/crop-313_4_479x639_2020-07-20_12-11-24.png

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирустан 10 адам, ал пневмониядан 7 науқастың көз жұмғанын мәлімдеді.

26 тамыздағы мәліметтер бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 781 жағдайы тіркелді,351 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап ауырғандар саны – 23 543, қайтыс болғандар – 268, жазылып шыққандар саны 4 901-ге жетті.

 Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 науқас ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 49 бала бар. Стационарларда  4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар