Түркістан облысында 21 жолаушы отырған автобус аударылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Порталдың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
"26 тамыз күні сағат 06:30 шамасында Түлкібас аудандық полиция бөлімшесі кезекші бөліміне ауруханадан Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 649 шақырымында жолаушылар автобусының аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы орын алған жерге бірінші болып Түлкібас аудандық полиция бөлімшесі жедел-тергеу тобы, облыстық патрульдік полиция батальоны және төтенше жағдай қызметкерлері келді. Полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері жолаушыларға аударылған автобустан шығуға көмектесті" делінген хабарламада.
Автобус жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қалған 19 жолаушы медицина көмегін алу үшін Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласының ауруханаларына жеткізілді. Жолаушылардың арасында екі жүкті әйел де бар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыздығынан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай қалған.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүрігізіліп жатыр.
Пікір қалдыру