Қытай теңіз әскерлреі жаттығу өткізіп жатқан аймқаққа АҚШ соғыс ұшақтыры кірген соң, Бейжің жауап ретінде даулы Оңтүстік Қытай теңізінде баллистикалық зымырандармен сынақ өткізді. Оқиғадан кейін АҚШ пен Қытай арасындағы ашық қақтығыстарының қаупі тіпті де күшейе түсті.
Қытай халық-азаттық армиясы жаттығу кезінде баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізгеннен кейін дау басталды.
Пентагон Пекиннің әрекеттері "шиеленісті бәсеңдетуге және тұрақтылықты сақтауға кері әсер етеді" деп айыптады.
Қытайдың Сыртқы істер министрлігі зымыран сынақтарына байланысты айыптауға "ашумен" жауап берді.
Баспасөз мәслихатында Пекин өкілі Чжао Лицзянь бұл жаттығулар "Қытай әскерлері Қытайдың жағалауында өткізетін әдеттегі шаралар" деп мәлімдеді.
–АҚШ Оңтүстік Қытай теңізіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзушыға және шиеленістер тудырушыға айналды,–деп Вашингтонды айыптаған Қытай сыртқы істер министрі.
Пікір қалдыру