Үндістан: Қытай шекарада күтпеген әскери қимылдарға көшіп жатыр

/image/2020/08/31/crop-17_13_769x1176_narendra-modi-xi-jingping-l.jpg

Үндістан дүйсенбіде "Қытай әскерлері демалыс күндері екі жақтың шиеленісі кезінде  даулы шекараны өзгерту үшін әскери қимылдар жасады" деп мәлімдеді. Бұл туралы Рейтерс хабарлады.

–Қытай әскерлері Шығыс Ладахта болған қақтығыстан соң, әскери және дипломатиялық келісімдер кезінде қол жеткізілген алдыңғы консенсусқа қол сұғып, мәртебені өзгерту үшін 2020 жылы тамыздың 29/30-ына қараған түні арандатушылық әскери қимылдар жасады,– деп мәлімдеген үнді армиясы.

Рейтерс ақпаратына сәйкес, Қытай мен Үндістан арасы соңғы уақыттарда қайтадан шиеленісіп бара жатыр.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар