"Дәрігерлердің жалақысы екі есеге артады". Тоқаев тапсырма берді

/image/2020/09/01/crop-154_9_494x658_2020-09-01_14-54-26.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артатынын атап айтты. 

– Пандемиядан туындаған дағдарыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дәрігерлердің еңбегін бағалауды. Ал бір кездері медициналық қызметкерлер мемлекет назарынан тыс қалған еді. Әрине, мамандықтың маңыздылығы материалдық қаражатпен бекуі тиіс. Ең жақын арадағы бюджетті нақтылауда медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдық үшін ынталандыру үстемеақысын төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырамын, – деді Президент.

Президент мұны дағдарыс жағдайында ғана емес, жүйелі негізде жасау қажеттігін атап айтты.

– 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады, – деді Тоқаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар