Оралда ерікті үйдің қабырғасына сурет салу кезінде қайтыс болды

/image/2020/09/04/crop-2_0_619x825_whatsapp-image-2020-09-04-at-16.17.36.jpeg

Оралда ерікті үйдің қабырғасына граффити салу кезінде қаза болды. Бұл туралы Мой город порталы хабарлады.

Оқиға 1 қыркүйек күні кешкі сағат 23:10-да болған. 

Орал қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, 31 жастағы  Самат Шайдаллаұлы Қонаев шағын ауданындағы 10 қабатты үйде граффити салған суретшіге көмектескен.

– Жұмыс кезінде ол төбеден өткен жоғары вольтты сымдарға тиіп кеткен. Ток соққысынан ол оқиға орнында қайтыс болды. Осы жағдай  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Орал полиция басқармасының өкілдері.

Ол Uralsk Runners қозғалысының еріктісі болған.

– Самат шатырда болды, ал мен щетка жуып жатыр едім. Ол Uralsk Runners қозғалысының еріктісі болды. Самат бәрімізге көмек көрсететін, тамақ әкеліп беретін. Өте өкінішті, – деді суретші Ақмарал Ғазиева.

Бүгін 4 қыркүйек күні еріктіні жерлеу рәсімі болып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар