Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқытуға қатысты ауқымды өзгерістер енгізіліп жатқанын жеткізді.
– Министрлік білім беру мекемелерінде қазақ тілінің оқытылуына қатысты біршама ауқымды өзгерістер жасауда. Атап айтқанда, енді балабақшаларда ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылмайды. Бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алуы керек. Осы тұста, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында: "Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс" деген ұсынысы біздің жұмысымызда қолданылады. Бұдан бөлек, қазақ тілінің бағдарламасы да өзгертілмек. Алдағы уақытта грамматиканы оқытуға бөлінетін сағат саны артады. Оқушының дұрыс жазуы мен сөйлеуі үшін, ойын тиянақты және сауатты жеткізудегі грамматиканың орны ерекше. Бұл тұста біз тағы да Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне жүгінеміз, – деді министр.
Пікір қалдыру