АҚШ-та Храпуновтарға қатысты сот үкімі шықты

/image/2020/09/07/crop-11_11_516x774_20170427181502_0.jpg

2020 жылғы 3 қыркүйекте Нью-Йорктің оңтүстік округтік соты сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды. Бұл туралы әділет министрлігінің ресми сайы хабарлады.

Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемелерді бұзған, дәлелдемелерді әдейі жойған және кейбір дәлелдемелердің өз қолдарында жоқтығы туралы жалған жауап берген деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ сот Храпуновтардың осы іс бойынша кейбір сот қаулыларын, соның ішінде Ильяс Храпуновтың құпия айғақтарды рұқсатсыз таратуға салынған тыйымды бұзғандығын анықтады.

3 қыркүйектегі шешім соттардың Храпуновтар мен Аблязовқа қатысты құқыққа қайшы мінез-құлқы және сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар тағайындау туралы үстіміздегі жылғы мамыр айында және 2019 жылғы шілде айында шығарылған қаулылары қатарының жалғасы болып табылады. Бұл қатарынан санағанда бесінші шешім.

Айыппұлдың нақты мөлшері талапкерлердің өздері жұмсаған сот шығындарының сомасын сотқа ұсынғаннан кейін белгіленеді.

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі (Алматы қ. әкімдігінің атынан) "БТА Банк" АҚ-мен (бұдан әрі - Талапкерлер) бірлесіп, төрт жылдан астам уақыт бұрын Аблязовты, Храпуновтарды және олардың қылмыстық сыбайластарын Қазақстаннан ұрланған ақшаны АҚШ-та жаратты деген айыппен Нью-Йорктағы "Flatotel" сот қарауына бастамашылық жасаған.

Аблязов жалған несиелер беру арқылы БТА-дан миллиардтаған доллар ұрлаған. Ол үшін Аблязов Қазақстанда сотталып, Біріккен Корольдік соттарында кінәлі деп танылған. АҚШ-тағы сот қараулары барысында талапкерлер Аблязовтың қылмыстарын растайтын қосымша елеулі дәлелдемелерді жинады, сондай-ақ осы қылмыстардың жасалуын өз көзімен көрген көптеген куәлардың жауаптарын қамтамасыз етті.

ҚР үкіметінің консультанты – "Boies Schiller Flexner LLP" серіктесі Мэттью Шварц:

"Талапкерлер ұсынылып жатқан дәлелдемелерге соттың жіті қарауын жоғары бағалайды. Аблязов, Храпуновтар және олардың сыбайластары сот процесінде адал ниетпен қатысудан бірнеше рет бас тартып, көптеген сот қаулыларын бұзған. Дәлелдемелердің бір бөлігін қасақана жойғандықтарына қарамастан, олардың жасалған қылмыстарға қатыстылығын растайтын құжаттардың көлемі жеткілікті. Талапкерлер сол дәлелдемелерді Нью-Йорк алқабилер сотының назарына ұсыну мүмкіндігін асыға күтуде" деген мәлімдеме жасады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар