Қазаққа мықты ақсақал биліктің Мәсімов пен Келімбетовке «тісі батпайды»

/uploads/thumbnail/20170708192822110_small.jpg

Бүгін ғана Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржылық қиындықтың Қазақстанды қос бүйірден қысқалы тұрғандығын айтып, экономикалық дағдарыстың келе жатқандығын ескерткен еді.

Сондай-ақ, ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен үкіметтің селекторлық отырысында да  Премьер мырза ұлттық банктің доллар бағамын ұстап тұра алмайтынын айтып, теңге бағамын еркіне жіберетінін мәлімдегенде тағы да теңге девальвациясының болатынын,  дағдарыстың халықтың қалтасына салмақ салатынын аңғартса керек-ті.

Министр мырза мәлімдеме жасағаны сол-ақ екен, Қазақстанның барлық облыстарындағы вальюта айырбастау орындарында доллар бағасы шарықтап кетті.

Соңғы ақпараттар бойынша, қазіргі уақытта доллардың бір теңгеге шаққандағы бағамы – 256-ті көрсетті.

Біздегі қалыптасқан жүйе бойынша, кез келген шешім, заңнамалық құжаттар – Мәсімов мырза мақұлдамаса құны көк тиын екені түсінікті. Қазірдің өзінде әлеуметтік желілер мен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында Келімбетовті келемежге айналдыра бастаған. Бірақ, доллар бағасының шарқтауына – валюьталық дәліздің алынып тасталуы себеп болғанын ескерсек, соққыны Мәсімов мырза жеуі тиіс еді. Алайда, біздегі орныққан саяси «ойыншықтардың» бұған еті үйреніп қалғаны жасырын емес те шығар.

 Ендеше, Премьер мырзаның айтқанындай, Ұлттық банк өз салмағын жоғалтып, енді теңге бағымын ұстап тұра алмайтын болса, Келімбетовтың көзіне көк шыбын үймелейтін уақыт та алыс емес деп топшылауымызға әбден болатын секілді.

«Өңір әкімдері штабтарға басшылық жасап, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмектерінің деңгейін арттыру арқылы халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау шараларын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар бағаның, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер мен қызметтерге негізсіз өсіміне жол бермеу бойынша ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырамын», – деп, жедел шараларды жалпы үйлестіруді өзінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа, ал әлеуметтік мәселелерді орынбасары Бердібек Сапарбаевқа жүктеген еді Мәсімов мырза. Сірә, бірдеңені сезсе керек-ті.

Бұл жолғы теңгенің қүнсыздануы мен доллар бағасының күрт шарықтауы – бірінші кезекте қарапайым халықтың қалтасына салмақ салатыны белгілі. Әсіресе, ипотекаға және несиеге тұрғын үйлер мен мүлік алғандар 40 пайыздық үстеме ақы төлеуге тиісті мәжбүрлі болатыны анық.

Бас банкирдің доллар бағасы 190 теңгеден  аспайды деп сендіргені мен ол халықтың сенімінен шыққалы қашан?! Ал сенімнен шыққан үкіметке халық разы болмасы анық. Тек «халық көтеріліп кетпесе игі» деп сенейік.

Қазақстандық экономистердің болжамдарына сүйенсек, алдағы уақытта доллар бағамы тұрақсызданады. Іле-шала азық-түлік бағасы шарықтап шыға келеді.

Жоғарыдағы жайттарды ескере келе, бір емес, бірнеше мәрте халықты алдап соққан алаяқтар жазасыз қалмауы тиіс деп топшылауымызға әбден болатын секілді.

Сондықтан, ҚР Үкімет басшысы К.Мәсімов пен ҚР Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовтер отставкаға кетуі тиіс! Қажет болса бар қазақтың тағдырын қолына ұстаған ақсақал биліктің де тақтан таятын күні алыс емес сияқты...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар