Асқар Мамин ШҚО-дағы жеңіл атлетика манежіне барып қайтты

/image/2020/09/07/crop-43_5_533x947_15manezh2018.jpg

ҚР Премьер-министрі жұмыс сапары барысында таяу күндері халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталатын жеңіл атлетика манежіне барып қайтты.

Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде жақында қосымша корпус салынады. Онда спортшыларға жарыстарға дайындалу үшін барлық жағдай жасалады. 

Жаттығу жасайтын зона аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен салынуда. Айта кетейік, облыс әкімі үнемі Шығыс Қазақстан облысындағы ғана емес, еліміздегі жеңіл атлетика саласының дамуына қолдау білдіруде.

Премьер министр аталмыш зонаның презентациясымен танысты. Зонада 8 жолақ болады. Мұнда қыс мезгілінде де 100 метрге дейінгі қашықтыққа жүгіру бойынша дайындалуға жағдай жасалмақ. Бұдан бөлек, ұзындыққа және биіктікке секіру, сондай-ақ лақтыру спорты бойынша әзірленуге арналған секторлар қарастырылған. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың айтуынша, Өскемендегі жеңіл атлектика манежіне бас сұққан Еуропадан келген жаттықтырушы-кеңесші мұндай нысанның бірде бір аналогы жоқ екенін айтқан. 

Көп жағдайда жарыс кезінде манеждерді құрады. Ал кейіннен сайыс біткен соң жинап тастайды. Біздің жағдайда, жаңа корпустың манежінде тағы бір қосымша жаттығу залы мен медицина мамандарына арналған кабинеттер бар. Бұл спортшылардың мұнда жаттығып қана қоймай, оңалтудан өтуге мүмкіндіктері де бар екенін білдіреді.

Бұдан бөлек, манежде арнайы лақтыру алаңы ашылады деп күтілуде. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы жарыс өткізетін және жаттығу жасауға арналған, сондай-ақ стационарлық көмек беретін жалғыз мекеме. Таяу шетелдерден мұндай халықаралық стандарттарға сәйкес толық жабдықталған спорттық кешенді табу мүмкін емес.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар