"Күзде ауырғандар саны артады". Мамин үкімет отырысында мәлімдеді

/image/2020/09/09/crop-251_11_697x929_news1498459746.jpg

Үкіметте мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды. Премьер-министр Асқар Мамин коронавирустық инфекцияға қатысты мәлімдеме жасады.

– Қабылданған шаралардың арқасында коронавирустың жағдайы тұрақтанды. Коронавирустық инфекциясы мен вирустық пневмония тарифтік өсуі 0,5 пайыз шегінде. Бүгінде инфекцияны жұқтырған адамдардың 94%-ы емделіп шықты. Инфекциялық ауруханалардың жүктелуі 15пайыз. Жедел жәрдем шақыру 80%-ға дейін төмендеді. Ауру жұқтырғандардың санын азайту, медициналық көмек тиімділігін жақсарту бойынша нақты шаралар қабылданды. Күзде аурулар саны артады. Осыған байланысты 15-ші қыркүйектен бастап халықты тұмауға қарсы вакцина салу басталады, – деді ол.

Оның айтуынша, өңірлерде 12 инфекциялық аурухана салынып жатыр.

– 2 стационар қайтадан жаңартылды. Жалпы ауруханалардағы орындар саны 50 мың орынға дейін жұмыс жүргізіледі. Ауылдық жерлерде медициналық көмек қамтамасыз етіледі және жедел жәрдем көліктері мен барлық жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Жеке қорғану құралдары мен дәрі-дәрмектер жеткілікті қоры жасалды. Тапшылық болмайды. Тамыз айынан бері халыққа емделу үшін теін дәрі-дәрмек беріліп жатыр. Вирусқа тестілеу саны артты. Вакцина сатып алу жөнінде келіссөздер өткізілді.

Әлемдегі эпидемияның тұрақсыздығын ескерсек, вирустың қайтадан өршу мүмкіндігіне дайындық жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Кейбір шектеу шараларын жалғастыру қажет.

Осыған байланысты мынадай тапсырма беремін:
1. Өңірлердің әкімдері эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстасын, барлық санитариялық нормаларды қатаң сақтасын. Вирустың таралуы мен ауру жұқтыру көрсеткіштерінің өзгеруіне қарай жедел әрі нақты әрекет етсін. Инфрақұрылымды дайындау шараларын қабылдасын және барлық сатыдағы медицина жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

2. Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге халық арасында профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

3. цифрлық даму министрлігі Денсаулық сақтау, Ақпарат министрліктерімен бірге халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін, – деді Мамин. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар