Шығыс Қазақстан облысының KAZ Minerals фабрикасының құрылыс алаңында қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"7 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында монтаж жұмыстары кезінде мердігерлік ұйым – IGG компаниясының қызметкері биіктіктен құлады. Алған жарақаттың салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды" делінген хабарламада.
Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылған. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.
Пікір қалдыру