Еңбек министрлігі: Салымшылар зейнетақы жинағын қолма-қол алмайды

/image/2020/09/09/crop-117_15_507x676_07b066a216c0bfa6bff3ccaa10de0d94.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай берілетінін айтты, деп хабарлады tengrinews.kz.

– Қаражаттың сол мақсат бойынша жұмсалуын қамтамасыз ететін бірыңғай операторлар болады. Яғни, зейнетақы жинағын қолға алғысы келетін салымшылар ала ма деп айтатын болсақ – жоқ. Оператор тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін "Отбасы банк" мәселесін қарастыруды ұсынады, бұл Қазақстанның бүгінгі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, яғни ол арқылы осы ақша мақсатты түрде жұмсалады, – деді Шегай.

Виктория Шегайдың айтуынша, зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейді.

Оқи Отырыңыз: Зейнетақы жинағындағы қаржы кімдерге тиесілі? Бағдарламадағы жаңа өзгерістер

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар