ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі қазақстандық кәсіпкерлермен кездесуінде мәлімдегендей, Қазақстан 2014-2015 жылдарды теңге бағамын ұстап тұру үшін 28 млрд доллар жұмсаған. Соның ішінде биылғы жылдың басынан бері – 10 млрд доллар шығынға батқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
«Біздегі қалыптасқан жүйе бойынша екінші деңгейлі банктер мемлекет есебінен күн көріп отыр. Олар бөлінген қаржыны өздерінде сақтап, мемлекетті несиелендіруді қойған. Осыған орай Ұлттық банк соңғы екі жылда 28 млрд долларды жұмсаған. Неге? Теңге бағамын ұстап тұру үшін. Қазақстанның халықаралық резерві – 970159 млдр долларды құраса, онің 28,977 млрд доллар – Ұлттық банктің, ал 68,182 млрд доллары Ұлттық қордың активіне тиесілі болды»,-деді Елбасы.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру