Хамитов полицияға ұсталғаннан кейін алғашқы жазбасын жариялады

/image/2020/09/15/crop-84_13_775x1034_eixbiiywkaeefdq.jpg

Белгілі спортшы Қуат Хамитов Алматы полициясына жеткізілгеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

– Отанымыз, халқымыз біз үшін өзімізден қымбат болуы керек, – деп жазды ол.

Еске салайық, кеше Қуат Хамитов әлеуметтік желіде  билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видео жариялап, полицияға жеткізілген болатын. 

Сондай-ақ, ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз спортшы Қуат Хамитовтың әрекетін тікелей заңды бұзу және қылмыстық құқықбұзушылық екенін айтты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар