Шетелдік БАҚ: Қытай мен Тайвань бір біріне бомбалаушы ұшақтар жіберді

/image/2020/09/18/crop-3_1_254x587_china-news-1337083.jpeg

Қытай Тайвань бұғазының орта сызығынан өтіп жойғыш ұшақтарын жіберді, Тайвань ескерту ретінде бомбалаушыларын ұшырды. АҚШ Тайваньға ірі қарулар беретінін мәлімдеді.

Пекин Қорғаныс министрлігі Тайвань бұғазы маңында ұрыс жаттығуларының басталғанын жариялап, қытайлыққ әскери ұшақтар Тайвань бұғазының сезімтал орта шебін кесіп өткен.

АҚШ-тың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Кит Крах бейсенбіде Тайбэйге үш күндік сапармен келген, бұл соңғы он төрт жылдағы Тайваньға келген АҚШ мемлекеттік департаментінің ең жоғары шенеунігі.

Пекин Тайбэй мен Вашингтон арасындағы тығыз қарым-қатынасты сынады және аралға жақын әскери жаттығуларды, соның ішінде өткен аптада екі күндік жаппай әуе және теңіз жаттығуларын күшейтті.

Тайвань қорғаныс министрлігі жұма күні "Қытайдың 18 ұшағы (әскери жаттығуға) қатысты" деп мәлімдеді. Хабарламаға сәйкес, Тайвань мен Пекин бір біріне бомбалаушы ұшақтармен ескерту жасаған.  

Ал, Нью-Йорк Таймс АҚШ Тайваньға ірі қарулар жіберетінін хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, АҚШ Қытайға соққы бере алатын реактивті зымырандармен Тайвань қарулы күштерін қамтамасыз етпек.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар