"Конгресс-Холлдың" экс директоры 1,8 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

/image/2020/09/21/crop-88_21_1036x1381_mycollages-16.jpg

Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директоры Сәкен Әбдірахманов миллиардтаған ақша ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады.

– Елордалық сотта мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директоры (бұрынғы "Конгресс-Холл") Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол тергеу нұсқасы бойынша өзінің қол астындағыларымен бірге қылмыстық топ құрған, – деді ол.

Элимановтың айтуынша, олар 1 миллиард 800 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар